|
Мейірімділік
ақ таңы болып атқандар,
Ұрпақ үшін
өмір отын жаққандар
Шыныбеков
Дүйсенбай-лейтенант, Шиелі ауданы, бұрынғы Жуантөбе
ауылдық кеңесі «Ақтоған» колхозында 1920
жылы туған, білімі арнаулы
орта.БЛКЖО мүшесі. Қызылорда қаласындағы медициналық
училищенің
үшінші курсында оқып жүргенде Қызылорда ҚӘК
арқылы 1940 жылы 20 қазанда әскерге алынған. Таллин қаласындағы кіші командирлер, сұр
мергендер әзірлейтін бір жылдық арнаулы курста оқып,
«Сұр мерген» және аға сержанттық атақтарын
алған. Курсты бітірген күннің ертеңіне Ұлы
Отан соғысы басталып, Ленинград шайқасына бірден араласқан.Ленин
қаласының қоршауында басынан аяғына дейін
болып, сол сұрапыл күндерде өзін қазақ
халқының «Сұр мергені» ретінде таныта білген.
1944
жылы Ленинград қоршауы бұзылып, фашистерді өкшелей
қуу шайқастарында ерекше көзге түсті.Сол
жылы 27 шілдеде Нарва қаласын жаудан азат ету шайқасында
ерлікпен қаза тапты.
Шыныбеков
Дүйсенбай Ұлы Отан соғысы жылдары 172 фашисті
аса үдік мергендікпен өлтіргені үшін Қазақ
ССР тарихына енген.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
ерлігі, сұр мергендігі үшін жауынгерлік «Қызыл
жұлдыз» , «Ленинградты қорғаны үшін», «Ерлігі
үшін» медальдармен наградталған.
|